2022 жылғы 4-6 қаңтарда болған еңбек дауының қорытындысы бойынша қызметкерлерді қолдау жөніндегі шешімдерді әзірлеуде кешенді жұмыс жүргізілді, оған еңбек ұжымдарының, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері және компанияның бизнес-бірліктерінің басшылары қатысты. Келісімнің барлық тармақтары бойынша келісімдер жасалып, өңірлердегі еңбек ұжымдарымен бетпе-бет кездесулерде айтылды.
Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде зиянды еңбек жағдайларымен байланысты өндіріске тартылған жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің емделуіне, сондай-ақ санаториялық-курорттық емделуге жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымдарының қаражаты есебінен ақы төлеу туралы шешім қабылданды.
Компания ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап барлық санаттағы қызметкерлердің жалақысын орта есеппен 30-35%-ға арттыратынын атап өткен жөн. Қабылданған шешімдер "Қазақмыс" тобының барлық компанияларына таратылады.
Лайықты жалақы әрбір қызметкер үшін ынталандыру болуы тиіс және бүгінгі күннің өзінде біздің әрқайсымыз Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі Қазақмыс көшбасшылығына қол жеткізуге жеке үлес қоса аламыз.