"Қазақмыс" қызметкерлерінің балалары белгілі лагерде демалды

447

Компания мұндай демалысты алғаш рет ұйымдастырып отырған жоқ.

"Қазақмыс" қызметкерлерінің балалары белгілі лагерде демалды  Фото: Ашық дереккөзден

"Қазақмыс" корпорациясы қызметкерлерінің балалары Бурабайдағы белгілі "Балдәурен" лагерінде демалды. Осылайша, жас қазақмыстықтар бой жазып, төрт мезгіл бойы оқу жылына жетерліктей күш жинады. Бүгін лагерьге соңғы балалар легі келді.

"Балдәуренге" келген жас қазақмыстықтардың әр маусымы би, ән жәнекөңілді ойындармен басталады. Балалардың әр күні осындай қызыққа толыбағдарламамен өтеді. Оларға белсенді демалыстың ұнағаны соншалық, камераалдында эмоцияларымен де бөлісті. 

Балалар үшін барлық ыңғайлы жағдай жасалған алты қабатты жатын корпус, тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық кешен, кітап қорына бай заманауи кітапхана, жаттығу және ойын залы, бассейн және тағы басқалар. Демалыстың ең басты атрибуты Бурабай шипажайының туристік жерлеріне экскурсия жасау. Жергілікті гидтің қызыққа толы әңгімелерін тыңдаған балалар Оқжетпес тауы, Абылай хан алаңы және аңызға толы Жұмбақтаспен танысады. Ал күн жылы болған кезде демалыс бағдарламасын Шортанды көліне шомылып, катамаран тебу сияқты қызықтар толықтырады. Міне, сондықтан "Қазақмыс" корпорациясы "Балдәурен" лагерімен ынтымақтастық орнатуды жөн санады. 

"Білім беру мен үйірмелерден бөлек, спорттық және шығармашылық бағыт та қамтылды. Өзге лагерлерден біздің айырмашылығымыз балалардың бойында болашақ машық қалыптастырамыз. Бұл эмоционалды интеллект, адамдарды басқаруға үйрететін топта жұмыс істей алу, сыни ойлау мен шешендік өнер", - деді "Балдәурен" РОСО РМҚК бас директоры Сержан Әлібаев.

"Қазақмыс" мұндай демалысты алғаш рет ұйымдастырып отырған жоқ. Бұл жолғы демалыс та қауіпсіз өтті. Балхаш,Жезқазған, Қарағанды, Сәтпаев пен Теміртаудан келген балалар лагерге күзет,дәрігерлер мен әлеуметтік жұмыскерлердің қарауымен жеткізілді. Корпорация қызметкерлері үшін ең әуелі балалар демалысы қызықты және қауіпсіз өткені маңызды. 

"Біздің кеншілердің, металлургтердің, байытушылардың, былайша айтқанда, барлық жұмысшыларымыздың балаларына Қазақстанның ең үздік лагеріне келіп, сауығып кетуге мүмкіндігі бар. Біз балаларды корпорация жұмыс істеп тұрған барлық қалалардан әкелеміз. Ол Жезқазған, Сәтпаев, Балхаш, Қарағанды мен Теміртау. Көп жылдан бері біз демалыс ұйымдастырумен айналысамыз. Ата-аналар тарапынан да, өрендер тарапынан да барлық тілек-ескертулерді қабылдаймыз", - деді "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС өкілі Әсел Оспанова.  

"Күміс Алқа" және "Алтын Алқа" алқаларменмарапатталған көп балалы аналар қатарындағы жұмыскерлердің балаларына,өндірісте еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан I және IIтоптағы мүгедектердің балаларына, сондай-ақ жазатайым оқиға салдарынан қазатапқан балаларға жолдамалар тегін берілді. Қызметкерлердің басқалары өзбалаларына жолдама құнының 20%-ын төлеп сатып алды, қалған соманы компания өтейді.Алайда, "Қазақмыста" айтылғандай, бұл бір реттік акция емес. Төрт маусым бойы лагерьдемың жас қазақмысшы демалады.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу