Қазақмыс мыс өндірісін арттырды

1730

Қазақмыс мыс өндірісін арттырды

2016 жылы "Қазақмыс" корпорациясының мыс өндірісінің көлемі 225,657 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш  2015 жылғы дәл осындай кезеңмен салыстырғанда  5,7  мың (2,5%) тоннаға артық, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша  кен құрамындағы мыстың орташа үлесі 0,95% болды, бұл  2015 жылғы мыстың орташа құрамынан (0,91%) артық әрі ол жоспарланған көрсеткіштен 1,1%-ға жоғары.

Жалпы алғанда 2016 жылы  "Қазақмыстың" кен байыту фабрикалары 29,8 млн тонна кен өңдеген.

Корпорацияның болжамына сүйенсек, 2017  жылы мыс өндірісі 232,6 мың тоннаны құрайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу