"Қазақмыс" корпорациясы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдық мерейтойына орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтауға 15 млн теңгеден астам қаржы бөлді. Ол жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
"Қазақмыс" компания тобының кәсіпорындарынан зейнеткерлікке шыққан Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен соғыс мүгедектері, майдангерлердің жесір қалған жұбайлары, жәнеде осы санатқа жатқызылатындар 150 мың теңгеден сыйлық алады. Материалдық көмек тыл еңбеккерлеріне де беріледі.
Қазақмыс өзінің өндіріс алаңдарында және компания филиалдары бар барлық қалаларда Жеңіс Күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырады.
"Бұл біздің еліміз бен халқымыз үшін өте маңызды мереке. Тәуелсіз Қазақстанымыздың жас ұрпағы тарихымызда үлкен орын алатын бұл күнді құрметтеп, асқақтататынына сенімім мол", - дейді "Қазақмыс" ЖШС басқарма кеңесінің бас директоры Бахтияр Қрықпышев.