Қазақмыс Тобы 225 млн АҚШ доллары мөлшерінде халықаралық қаржыландыруды тартты

1434

Бұл Келісімнің Тараптары қаржыландыру шегін $500 млн. дейін одан әрі кеңейту мүмкіндігіне ие.

Қазақмыс Тобы 225 млн АҚШ доллары мөлшерінде халықаралық қаржыландыруды тартты

Қазақмыс Тобы Өндіруші және Кепілгер ретінде және Advaita Trade DMCC  Қарыз алушы және өнімді Сатып алушы ретінде 1 ай LIBOR + 255 базистік пункт мөлшерлемесі бойынша $225 млн. сомасына  алдын ала төлем жасау қағидасы бойынша қаржыландыруды тарту туралы Credit Suisse AG және Societe Generale халықаралық альянспен Келісімге қол қойды. Бұл Келісімнің Тараптары қаржыландыру шегін $500 млн. дейін одан әрі кеңейту мүмкіндігіне ие.

Қазақмыс Тобы үшін бұл Топтың халықаралық нарықтарға шығу және қаржы көздерін әртараптандыру мен қарыз капиталының халықаралық қаржы нарығына тұрақты түрде қол жеткізу арқылы қолда бар бизнес шекарасын кеңейту стратегиясы шеңберінде қаржыландыруды тарту бойынша маңызды мәміле. Advaita, халықаралық трейдер үшін мыс өнімдерін ұзақ мерзімді жеткізуді қамтамасыз ете отырып, және Advaita ұстанымын сенімді әріптес ретінде растай келе, Қазақмыс Тобы ірі мыс өндірушілердің бірі ретінде өз нарық ұстанымын күшейтуді жалғастырып отыр.

Мәміле бойынша кеңесшілер ретінде шыққандар: Whitecliff Investment Management – Қазақмыс Тобы үшін, Reed Smith – Advaita үшін, Latham & Watkins – Credit Suisse AG үшін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу