Қазақмыс үздігі музыкалық белесті бағындыруда бағын сынамақ

300

Елде еңбек адамының еселі бейнесі баршаға үлгі болуы шарт.

Қазақмыс үздігі музыкалық белесті бағындыруда бағын сынамақ Фото: Suvan Chowdhury

Мұны президент Тоқаев та көпке мәлімдеген. Әсіресе өндіріс ошақтарында қалтқысыз қызмет қылған үздіктер. Солардың бірі  Мадияр Байқоңыров. Жезқазған мыс балқыту зауытының машинисі қазір өндірістегі өмірден бөлек, шығармашылық әлемнің шыңына шығып жүр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Тамшылар" әнімен топ жарған талант "Х-FACTOR" музыкалық бәйгесінің бір мүшесі атанды. Бұл сәйкестік емес. Өйткені зауыттағы машинист Мадияр Байқоңыров өндірістен бөлек, 30 жылдан бері вокалмен шұғылданып келеді. Өнерге деген жақындық оның қанында бар. Тіпті арғы бабасы Үкілі Ыбырайдың өзі болған дейді. Ата-анасы да өнерден кенде емес.  

Мадияр  алып "Қазақмыс" компаниясында маңдай терін төккен үздік қызметкердің бірі. Нақтысы "Жезқазған мыс балқыту зауытының" цехінде 6 жылдан бері еңбек етеді. Машинист маман қиын жұмысын қызық, дейді. Кенет шығармашылыққа тап болғанын да өндіріс орны құба-құп көріп, қолдау көрсетіпті. 

"Біз металлургпіз. Ерік-жігері мықты жан екеніміз көпке мәлім. Бұл байқауда маған сол жеңіске жету үшін металлург деп соққан жүрегіміз септеседі.  Менің өнер адамы екенімді ұжымым, басшылық бәрі біледі. Ұжымдық іс-шараларда, мерекелерде үнемі бой көрсетемін. Бұйырса, 3-ші кезеңнен сүрінбей өтеміз. Сөйтіп, зауыт пен ұлытау облысының абыройын қорғамақпын", - дейді Жезқазған мыс балқыту зауытының машинисі Мадияр Байқоңыров.

Мадиярдың жеңіске деген жігері мықты. Ол сайыстың келесі кезеңіне де сүрінбей өтті. Айтпақшы, өнерпаз тек әндерді әуелетпей, сол туындылардың да авторы. Қазір оның шығармашылығын түрлі радиоарналар да таратып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу