"Қазақмыс" корпорациясы қызметкерлерінің балалары жазғы демалысты еліміздегі ең танымал Бурабайдағы "Балдәурен" лагерінде өткізді. "Қазақмыстың" жастары денсаулықтарын нығайтып, шығармашылықпен айналысып, концерт қойды.
Ән мен би, көтеріңкі көңіл-күй. "Қазақмыстың" жастары жаз бойы әйгілі "Балдәурен" балалар лагерінде керемет демалды. Өйткені, оларға онда барлық жағдай жасалған. Демалыс орталығында алты қабатты жатын корпусы, бассейн, спорт залы және кітап қорына бай кітапхана бар. Оның үстіне, балалардың курорттық аймаққа бұл бірінші рет келуі екен. Барлығы дерлік, "Қазақмыс" корпорациясының өндірісі бар Балқаш, Сәтпаев, Жезқазған, Қарағанды және Теміртау қалаларынан келген. Мұнда балалар алғаш рет Оқжетпес тауы, Абылай ханның жайлауы мен Жұмбақтас жартасы секілді тарихи орындармен танысты.
Балалар зерікпей, уақытты тиімді өткізуі үшін ән мен вокал үйірмелерінен бастап, эмоционалды интеллектті дамыту, сыни ойлауды қалыптастыру тіпті қаржылық сауаттылық бойынша тренингтерден өтті. Осылайша жаз мегзілігі жарқын естеліктерімен есте қалды.
Жақында жаз маусымының жабуылына байланысты шара өтті. Балалар Балдәуренде өткізген уақытта үйренген әндерін айтып, құшақтасып, кейбірі тіпті кетер кезде жылап қалды.
Балалар қоштасқысы келмегендіктен жылады ма, әлде мектеп партасына отырып, математика сабағын оқуға асықпады ма оны біле алмадық. Бірақ бір білетініміз, әсерлі өткен жазғы демалыс "Қазақмыстың" жастарының жадында мәңгі қалары сөзсіз.