Қазақмысқа қарасты кеніште жұмысшы қаза тапты

1030

Қазақмысқа қарасты кеніште жұмысшы қаза тапты

"Қазақмыс" АҚ-ға қарасты Нұрқазған кенішінде 36 жастағы машинист көз жұмды. Бұл туралы компания өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

"Қазақмыс" компаниясы 2016 жылы 30 қазанда "Қарағандытүстіметалл" өндірістік бірлестігінің Нұрқазған кенішінде болған оқыс жағдай туралы қайғыра хабарлайды. Магистральдік конвейерді іске қосуда конвейердің 1980 жылы туған жүргізушісі ауыр жарақат алып мерт болды. Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды", – делінген хабарламада.

"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу