Жезқазған қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясының кеңсесінде кәсіподақ ұйымының төрағасы кәсіпорынның бас директорына және дамыту жөніндегі директорға өзара қақтығыстан соң пышақ салған. Кейін ол өзі пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21 қаңтар сағат 18.20-да Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС директорының кабинетінде туындаған ұрыс-жанжал барысында кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов компания бас директоры Минигуловтың арқасынан пышақпен жарақаттаған және сол жақ кеуде тұсынан кесілген жарақат салған. Сондай-ақ "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС маманы Сабыржан Тембаевқа да пышақ салған.
"Содан кейін куәгерлердің айтуынша, ол сол жақ кеуде қуысына пышақ жарақатын салып, оқиға орнында көз жұмды. Минигулов пен Тембаев ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр",-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.