"Қазақмыстың" жылыту нысандары штатты режимде жұмыс істеуде

302

"Қазақмыс" компаниясына тиесілі  барлық энергетикалық нысандарында жылыту маусымы штатты режимде өтуде.

"Қазақмыстың" жылыту нысандары штатты режимде жұмыс істеуде Фото: Inbusiness.kz

Жылу объектілерін жаңғырту және күрделі жөндеу кесте бойынша жүргізілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, Жезқазған Жылу Электр Орталығында қазандық агрегатының жөндеу жұмысы аяқталып қалды. Ал, ГРЭС Топарда жаңарту бойынша жаңа жобалар әзірлене бастады.

Алдағы қысқы маусымға ГРЭС Топар 100 пайыз дайын. Инвестициялық бағдарлама аясында биыл қазандықтар мен турбиналарға күрделі жөндеу  жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ №7 және 10 қазандық агрегаттары күрделі, ал №6-шы турбоагрегатқа жөндеу жүргізілді. Соның арқасында жылу тұрғындарға тұрақты беріліп отыр.

"Жылыту маусымы штаттық режимде басталды. Бекітілген кестеге сәйкес халықты жылумен қамтамасыз етудеміз. Жылыту маусымына жанармай қоры жеткілікті мөлшерде. Барлығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жабықтар да сақадай сай. Сондай ақ, жөндеуді қажет ететін екі қазандықты жөндеу 2024-ші жылға қалды", - дейді "ГРЭС Топар" ЖШС-ның өніріс бойынша бас инженердің орынбасары Андрей Соловьев.

ГРЭС Топарды жаңартып, жөндеуге 5,7 миллиард теңге жұмсалды. Алдағы уақытта да қазандықтар мен жабдықтарды  жаңарту жұмыстары жалғасын табады.  Қазір компания осы салада жоспарларды ыңғайлап жатыр.

"Биыл жабдықтар жаңартылып, қазандықтар мен турбиналар  күрделі жөндеуден өтті. Бұл басы. Әлі де осындай жобалар жалғасын табады. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз", - дейді "ГРЭС Топар" ЖШС-ның жобалық топ жетекшісі Константин Филипцов.

"Қазақмыс" компаниясы  Ұлытау облысының энергетикалық нысандарында да үлкен жұмыс атқарылды. Оның ішінде Жезқазған Жылу электр орталығында үш қазандық пен үш турбоагрегаты жаңғыртылды. Бұл жөндеу жұмыстарына 12 миллиард теңге жұмсалды. Бүгінде  4-ші және 8-ші қазандықтарды жөндеу аяқталу үстінде. Қазір станцияда үш қазандық толыққанды жұмыс істеп тұр.

"Бүгінгі таңда 4-ші қазандық агрегатына жүргізілген күрделі жөндеу аяқталып қалды. Қазандық барлық гидравликалық сынақтардан өтті. Қазір 9-нөмірлі қазандық агрегатын күрделі жөндеу бойынша келіссөздер жүргізілуде", - деді Мердігерлік ұйым директорының орынбасары Алексей Членов.

"Бізде жалпы 8 қазандық агрегаты бар. Оның екеуі  толық ауыстырылды. Ал, нөмірі сегізінші қазандықтың жөндеу жұмысы 50 пайызға аяқталды. Оныншы нөмірлі екінші қазандық бөлшектелінді. Құжаттар пакеті Энергетика министрлігінде "инвестиция орнына тариф" саясаты бойынша қаржыландыруды анықтау үшін жіберілді", - деді Жезқазған ЖЭО-ның директоры Думан Сүлейменов.

Қазіргі таңда  Жезқазған ЖЭО-ның 4 қазандығы мен үш турбинасы жұмыс істейді. Қаланың жылу желісіндегі температура нормативтен жоғары. Көмір қоры 268 мың тонна. Бұл 70 күндік жұмыс үшін жеткілікті. Ал. мазут қоры 2050 тонна,  нормасы 280 тонна. Сонымен, екі жылу станциясында қажетті жабдықты жаңғырту және жөндеу бойынша жобалар әзірленуде. Жалпы екі өңірде де жылыту маусымы штатты режимде өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу