Қазақсан спортшыларының Токио Олимпидасына қандай киіммен баратыны анықталды

1076

14 қазан күні Қазақстан ҰОК 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрама командасының парадтық және спорттық киім үлгісінің дизайнына ашық конкурс басталғанын жариялаған болатын.  

Қазақсан спортшыларының Токио Олимпидасына қандай киіммен баратыны анықталды

Қазақстан Олимпиадалық құрама командасының киім үлгісінің дизайнына жарияланған ашық конкурс нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Нәтижесінде 19 қатысушы жұмысын жіберіп, ҰОК сайтына шығарылды.

Жеңімпаздарды арнайы комиссия құрамы анықтады. Оның құрамына Қазақстан ҰОК спорт дирекциясы мен Ұлттық паралимпиадалық комитетінің өкілдері, Қазақстан ҰОК спортшылар комиссиясының мүшелері кірді.

Комиссияның қорытынды отырысы бойынша "КазСПО -N" ЖШС Zibroo Active Sportswear "спорттық форма" және "Marino Madi" ООО "парадтық форма" жеңімпаз деп танылды.

Байқау жеңімпаздары арасында олимпиадалық форма дизайнының, технологиялық талаптарының (мата, керек-жарақтар, гигроскопия, мемлекеттік рәміздерді қолдану және т.б.) түпкілікті тұжырымдамасы бойынша одан әрі жұмыс жүргізілетін болады. Парадтық және спорттық киім үлгісін бекіту үшін Қазақстанның Олимпиадалық құрама командасының өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылады.

"Комиссия өте жақсы жұмыс істеді. Конкурсқа қатысушылар олимпиадалық форманың бір емес, бірнеше дизайн нұсқасын ұсынды. Қатысушылардың барлығы қазақстандық дизайнерлер болды. Біз үшін бұл өте қуанышты жағдай. Себебі, олимпиадалық форманы дайындауда отандық мамандардың өнімдерін қолдау біздің басты мақсатымыз болатын. Айта кетерлігі, таңдалған жұмыстар ХОК-тың барлық талап-нұсқаларына сәйкестендіріп ләі де жетілдірілетін болады. Ал соңғы шешімді 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың өздері таңдайтын болады", – дейді ҰОК ресми өкілі Жігер Әзбергенов.

Қазақстан ұлттық құрама командасының олимпиадалық формасының дизайны биыл жазда Қазақстан ҰОК ресми таныстырылымында көрсетілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу