Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең төменгі бағасы 340 теңге тұратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25 қыркүйек күні "ҚР 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 "Фильтрлі темекінің бөлшек саудадағы минималды бағасын бекіту туралы" қаулыға Қазақстан Республикасы үкіметінің өзгерістер енгізу туралы" №587 қаулысы бекітілді.
Осы құжатқа байланысты Қазақстанда фильтрлі және фильтрсіз 20 тал темекінің, папиростың ең минималды бөлшектік бағасы белгіленді. Яғни ең арзан темекі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін 340 теңге, 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін 360 теңге, ал 2019 жылдан бастап 380 теңге тұратын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу