Қазақша сөйлейтін робот таныстырылды

2039

Шымкентте "U:hack" инновациялық идеялар фестивалі басталды.

Қазақша сөйлейтін робот таныстырылды

Мегаполисте алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараға қатысуға ниет білдірген жастардан зал толды. Жастар жылы аясындағы фестивальді Шымкент қаласы əкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай ашып, жастарға сəттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. .

Қатысушылар өз таңдауы бойынша 4 секцияға бөлінді: "IT", "Контент және медиа",  "Кино және видео", "Кәсіпкерлік". Жүлде қорындағы "Shymkent" ӘКК" АҚ тағайындаған 2 млн теңгені ұтып алу үшін қатысушылардың 24 сағат уақыты бар.

Айта кету керек, осы іс-шарада №65 мектебінің оқушыларынан құралған INO командасы қазақша сөйлейтін роботын таныстырды. Фестивальге жиналған 1000-ға жуық қатысушыны таң қалдырған робот арнайы мобильді қосымшамен басқарылады. Сервистік робот өзі қозғалып, қазақша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Елдос Тұранның айтуынша, роботты құрастыруға 1 апта уақыт кеткен. Оны Ino.lab инновациялық лабораториясында жасап шыққан.ұмыс істейтін осындай роботтарды көптеп жасамақ. Жас өнертапқыштар бүгінде аталған зертханада ақпараттық технологияларды меңгеріп жүр. Олар болашақта жасанды интеллектпен ж

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу