Қазақстан "Doing Business" рейтингінде 28 орында тұр

1226

Бұдан бір жыл бұрын Қазақстан "Doing Business" рейтингінде 36-позицияны иеленген болатын.

Қазақстан "Doing Business" рейтингінде  28 орында тұр

Дүниежүзілік банктің "Doing Business" рейтингінің 2018 жылғы 31 қазанда шыққан нәтижелері бойынша, Қазақстан соңғы 11 жылда өз рейтингін 36 тармаққа арттыра отырып, 190 елдің арасынан 28 орынды иеленді, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі

Қазақстан ЭЫДҰ-ның Испания (30 орын), Франция (32), Польша (33), Португалия (34), Швейцария (38), Жапония (39), Түркия (43) сынды елдерді басып озды.

Еліміз жоғарыда келтірілген есеп негізінде реформаны көп жүзеге асырған, соның ішінде бизнесті жолға қоюды жақсартқан мемлекет ретінде аталады. Мысалы, 10 бағыттың 6 көрсеткіші бойынша жоғары ілгерілегендігін көрсетті.

Қазақстан өзінің "Миноритарлық инвесторларды қорғау" индикаторы бойынша бірінші орнын сақтап қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу