Қазақстан "орта кіріс тұзағына" екі рет түсіп шыққан

841

Қазақстан "орта кіріс тұзағына" екі рет түсіп шыққан

Астана экономикалық форумы аясында өткен "Орта кірістің тұзағы": Қазақстан үшін мәселе" атты панельдік сессияда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев экспорттық құрамын әртараптандырып үлгермеген елдерге "орта кіріс тұзағына" түсіп қалу қаупі төніп тұратынын жеткізді, деп хабарлайды Аbctv. kz.

"Орта кіріс тұзағы" термині  көп жағдайда жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші өсім бермегенде немесе баяу жылжыған тұста дамушы елдерге қатысты қолданылады. Біздің елімізге келер болсақ,  осы уақытқа дейін орта кіріс тұзағына екі мәрте түскенімізді анық айта аламын.  Мұнай бағасының қымбаттауы мен 2000 жылдардың басындағы экономикалық реформалар әлеуметтік жағдайымыздың жылдам жақсаруына әкелді. 2007 жылы Қазақстанда  ЖІӨ-нің  жан басына шаққандағы орташа кірісі 19 мың доллардан асты. Алайда 2008-2009 жылдары Қазақстанның экономикасы  әлемдік экономикалық дағдарыстан қатты зардап шекті. Біз 2009 жылы да қиын жағдайға тап болдық.  Ол кезде ел экономикасы 1,2 пайыз өсім көрсетті. 2008 жылы  дәл осы көрсеткіш 3,4 пайызға пара-пар болды. 2011 жылы өсім 7,5 пайызға көтерілді. Ал 2016 жылы өсім көрсеткіші 1 пайызға дейін  төмендеп кетті", – деді облыс әкімі.

Қырымбек Көшербаев соңғы 5 айда еліміздің жалпы ішкі өнімі 4,1 пайызға өскенін тілге тиек етті. Оның сөзінше, бұған қатты қуанудың қажеті жоқ, себебі экономика толық сауықпаған. Өсім тұрақты емес, орта кіріс тұзағынан шығу үшін  ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру көбірек жүргізілуі тиіс.

"Жуырда Сбербанктің басшысы Герман Грефтың "21 ғасыр – басқару жүйесі бәсекелестігінің ғасыры"  деген сөзін оқыдым.  Онымен толық келісемін. Басқару моделі трансформацияланбаған бірде-бір ірі инвестициялық жоба жүзеге аспайды. Сондай-ақ отандық кәсіпорындар үшін  экспорттық нарыққа  шығу аса маңызды болып тұр. Ішкі нарықты да ұлғайтуды естен шығармауымыз керек", – деп қорытты сөзін облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу