2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде "Қазақстан темір жолы" ҰК басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев бастаған делегация Берлиндегі "InnoTrans 2018 халықаралық көрме жұмысына қатысты.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрме аясында қазақстандық компания мен "Трансмашхолдинг" АҚ вагон құрастыратын "Тұлпар-Тальго" кәсіпорнын сату - сатып сату туралы келісім жасаған.
Келісімге Қанат Алпысбаев пен "Трансмашхолдинг" бас директоры Кирилл Липа қол қойды.
"Қазақстан темір жолы" басшысы бұл сапарында теміржол көліктерін құрастыру, техникалық тұрғыдан дамыту, жаңа цифрлық технологияны ендіру жөнінде бірқатар екі жақты келіссөздер жүргізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу