Қазақстан "жасыл" технологияны БҰҰ өнеркәсіптік даму ұйымымен бірлесіп дамытады

818

ТКШ дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы GCIP-тің елдік серіктесі ретінде анықталды

Қазақстан "жасыл" технологияны БҰҰ өнеркәсіптік даму ұйымымен бірлесіп дамытады

Қазақстанда "жасыл" технологиялар саласында стартап-жобаларды БҰҰ өнеркәсіптік даму ұйымыммен (UNIDO) бірлесіп дамыту жоспарлануда, деп хабарлайды "ТКШ Қазорталығы" АҚ баспасөз қызметі.

Австриядағы European Utility Week 2018-ге сапары аясында ҚР ИДМ-нің, "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ және оның еншілес ұйымы "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС өкілдері БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму ұйымының (UNIDO) басшылығымен кездесті. Тараптар GCIP (The Global Cleantech Innovation Programme) Ғаламдық "таза" және "жасыл" инновациялар бағдарламасына қатысудың алдағы қадамдарын талқылады.

GCIP бағдарламасы "жасыл" технологиялар саласында іске қосылатын стартап-жобаларды қолдауға бағытталған. Ғаламдық Экологиялық қор (GEF)  гранттық қаржыландыруға ие болған GCIP елдердің серіктестері өз елдеріндегі кәсіпкерлер арасында конкурс өткізеді және оларды акселерациялау мен  коммерцияландыру үшін ең перспективалық жобаларды таңдайды.

Қазақстаннан ТКШ дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы GCIP-тің елдік серіктесі ретінде анықталды. Бүгінгі күні GEF-ке бірлескен өтінім берудің негізгі бағыттары анықталды, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Грант алған жағдайда 2-3 жыл сайынғы конкурстар өткізу жоспарлануда, олардың әрқайсысына 100-ден 200-ге дейін шағын және орта бизнес өкілдері қатысады. 25 жартылай финалистердің ішінен қазақстандық және шетелдік сарапшылар Ғаламдық байқаудың финалына қатысу үшін Силикон алқабына (Калифорния, АҚШ) баратын 2 финалисті таңдайды. Онда олар Ғаламдық марапаттау үшін бәсекеге түсе алады және өз жобаларын әзірлеу және ілгерілету үшін бүкіл әлемнің әлеуетті серіктестерімен, клиенттерімен және инвесторларымен байланыс орнатады.

Айта кету керек, 2014 жылдан бастап UNIDO/GEF-ке 9 елден (Армения, Үндістан, Малайзия, Пәкістан, Түркия, Африка, Вьетнам, Бразилия, Таиланд) 900-ге жуық өтінім ұсынылып, оның ішінде 100-ден астам өтінім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу