Бүгін Алматыда жалпы халықаралық көліктік дәлізімен жүктасымалын ары қарай дамыту мәселелері бойынша Қазақстан, Қытай, Иран, Түрікменстан және Өзбекстан теміржол әкімшіліктері өкілдерінің кездесуі болды, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов атап өткеніндей, контейнерлік жүктер ағыны әсіресе Өзбекстанға және Болашақ станциясы арқылы Иранға артып отыр. Аталған дәлізге Өзбекстанның қосылуымен ол айтарлықтай қысқарды.
Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол дәлізімен өткен жылы жүк тасымалы 1 мың ЖФБ құраған.
Кездесуде тиелген контейнерлер үшін 2019 жылы Қытай – Қазақстан – Өзбекстан – Түрікменстан – Иран дәлізі бойынша тарифтік шарттарды орнату және тұрақты контейнерлік сервистерді ұйымдастыру, ИИР – ҚХР бағдарына қосымша жүктерді тарту мәселелері талқыланды. Биылғы жылдың сәуірінен бастап Ақтау – Алят бағдары бойынша тұрақты фидерлік сервис іске қосылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол дәлізіне Өзбекстан да қосылады. Тараптар аталған бағдар бойынша контейнерлік тасымалдарға өзбекстандық тараптың қатысуы туралы шешімге келісімдерін берді.
Тараптар, сонымен қатар, кешенді тарифтік ставкаларды келісті.