Қазақстан – Жапония бизнес форумы аясында 1,2 млрд доллардың келісімі жасалды

1079

Қазақстан – Жапония бизнес форумы аясында 1,2 млрд доллардың келісімі жасалды

Токиода ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапары кезінде үкіметаралық комиссияның отырысы өтті, шараға екі жақтан 350 компания қатысты, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Үкіметаралық комиссия отырысын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен "KAZNEX INVEST" АҚ, Жапонияның энергетика, сауда және өнеркәсіп министрлігі ұйымдастырды. Негізгі баяндамашылар  үкіметаралық комиссияның  тең төрағасы, инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хайыров  пен Жапонияның сауда және өнеркәсіп, экономика вице-министрі Хирофуми Катасэ болды, деп мәлім етті Ұлттық агенттік өкілдері.

"Жапония Қазақстандағы ірі  шетелдік инвестор болып табылады. Қазіргі таңда  елдер арасында  бірлескен  4 млрд доллардың 25 инвестициялық жобасы  жүзеге асырылып жатыр. Олар: экономика, энергетика, логистика, машина жасау, фармацевтика, ақпараттық-коммуникациялық технология саласында жұмыс істеуде. Бүгін Қазақстан ұзақмерзімді жобаларды ұсынып отыр, ол жапон  тарапын  қызықтыратыны сөзсіз", – деді Е.Хайыров.

Бизнес форумның қорытындысы бойынша  1,2 млрд доллардың  13 коммерциялық жобасы химия, мұнай-химия, инновациялық технология, мемлекеттік-жеке меншік  серіктестігі, энергетика, қаржы, құрылыс материалдары, туризм мен сауда  саласында жүзеге асырылды.

Жапониялық тарап ҚР аймағындағы маңызды салаларды қаржыландыруы бекітілді. Мәселен,  Атырауда зауыт құрылысы, Маңғыстау облысында эылуэнергетика  станциясы сынды мекемелер бар.

Бизнес форумда қазақстандық делегация жапондық серіктестерге  2015-2019 жылдарға арналған  Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын таныстырды.

Сондай-ақ, Қазақстанда бизнес жобаларды енгізу мүмкіндіктері туралы мүмкіндіктер таныстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу