Бұл туралы министрліктің алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды іnbusiness.kz тілшісі.
"Орта білімді дамыту үшін латын графикасын енгізе отырып, 2023 жылдан бастан 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу көзделіп отыр. Бұл үшін біз өте ауқымды жұмыс атқаруымыз керек. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылуы керек", – деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің мәлімдеуінше, болашақта математика, тілдер және информатика сияқты пәндерге ерекше назар аударылады.
"Оқулықтарды сапалы әзірлеу үшін оның құрылымы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай талап бекітіледі. Бұл үшін тиісті заңнамаға өзгеріс енгізілді",– деді министр.
Қанат Махамбет