Қазақстан 123 орыннан 21 позицияға көтерілді

723

Қазақстан "Doing Business" рейтингінде "Халықаралық сауда" индикаторы бойынша 102 орында тұр.

Қазақстан 123 орыннан 21 позицияға көтерілді Фото: primeminister.kz

Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда Дүниежүзілік банктің "Doing Business" рейтингінде "Халықаралық сауда" индикаторы бойынша 123 орыннан 21 позицияға көтеріліп, 102 орында тұр. Бұл туралы осы индекске жауапты ведомство – сауда және интеграция министрлігінің вице-министрі Азамат Асқарұлы үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, позицияны жақсартуға электрондық кедендік декларациялауды енгізу, кедендік ресімдеу үшін алым мөлшерлемесін төмендету және кедендік бақылауды ресімдеу кезеңінен кеденнен кейінгі бақылауға көшіру шаралары әсер етіпті.

Вице-министр бірқатар шаралар ескерілсе, көрсеткішті одан әрі де жақсартуға болады дейді.

Мысалы, декларация үшін кедендік алымдар мөлшерлемелерін (декларацияның негізгі парағы үшін 19 000 теңгеден және қосымша парақ үшін 7 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін) төмендету (2018 жылғы қараша) аталған рейтингте жоғарылауға сеп болмақ. Сондай-ақ, электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мүмкіндігін енгізу (уақыты 1-3 жұмыс күнінен 5-7 минутқа дейін қысқарды), экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезені (2019 жылғы 27 наурыз) іске қосу секілді шаралар атқарылмақ. Ведомство өкілі бұл жұмыстың жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті. Бүгінде "Бірыңғай терезе" компоненттерін тестілеу жүргізілуде екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу