Қазақстан 2016 жылы ЕАЭО-мен сауда-саттықты бәсеңдеткен

1101

Қазақстан 2016 жылы ЕАЭО-мен сауда-саттықты бәсеңдеткен

2016 жылғы қаңтар-қарашадағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 11945,7 млн АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 21,1%-ға аз, соның ішінде экспорт – 3480,6 млн АҚШ долларын (26,8%-ға аз), импорт – 8465,1 млн АҚШ долларын (18,5%-ға аз) құрайды, деп мәлімдеді ҚР ҰЭМ статистика комитеті.
Қазақстан Республикасы экспорты құрылымының басым бөлігін минералды өнімдер (33,5% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (25,6%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (18,7%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (10,8%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 24,7%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (17,1%), минералды өнімдер (16,6%), мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (14,1%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (12,5%) әкелінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу