Қазақстан 2019-2020 жылдары Байқоңырды табиғи газбен 100 пайыз қамтиды

897

Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

Қазақстан 2019-2020 жылдары Байқоңырды табиғи газбен 100 пайыз қамтиды

Қазақстан 2019-2020 жылдары Байқоңыр қаласын табиғи газбен қаматамасыз етуге жұмыс істейді. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев сәрсенбі күні "Хабар" телеарнасы арқылы көрсетілген "Нұр-Сұлтан және Мәскеудің алтын дәуірі" документальды фильмінде айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Биыл және келесі жылы Байқоңырды 100% табиғи газбен толық қамтамасыз етуге жұмыс істейміз", – деді Қанат Бозымбаев.           

Ол осы уақытқа дейін Байқоңыр сұйытылған газбен қамтамасыз етілгенін айтты.

"Бүгінгі күні пропан-бутанның бір келісі шамамен 343 теңге тұрады. Газ құбырлары арқылы жеткізілетін табиғи газдың бір текше метрі шамамен – 18 теңге. Сондықтан Байқоңыр қаласы, оның бюджеттік ұйымдары үшін тиімді болары анық", – деп түсіндірді энергетика министрі.          

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 сәуірдегі Ресейге ресми сапары барысында қала үшін газ бағасын төмендетуді көздейтін "Байқоңыр" кешенін газбен қамту туралы келісімге қол қойылған болатын.          

Келісім халықаралық құқық келісімі мен 1994 жылғы жалға алу келісімшартындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары бойынша жасалған. Келісімнің орындалуын үйлестіру мен қадағалауды екі елдің энергетика министрлігі мен "Роскосмос" жүзеге асырады.  

Қала мен "Байқоңыр" ғарыш айлағын бөлшектік газбен қамтушы ұйым – "ҚазТрансГаз" АҚ.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу