Қазақстан 2019 жылы сиыр етінің экспортын 25 мың тоннаға жеткізбек

1213

Өмірзақ Шөкеев президенттің қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай жоспар қойылғанын мәлім етті.  

Қазақстан 2019 жылы сиыр етінің экспортын 25 мың тоннаға жеткізбек

"2017 жылы 5,5 мың тонна ет экспортталды. Ал былтырғы жылы осындай жиналыста 15 мың тоннаға дейін экспорттаймыз деген болатынмын. Былтырғы жылдың соңына қарай 19,9 мың тонна сиыр етін экспорттадық. Ал биылғы жылы 25 мың тонна экспорттаймыз деп міндет қойып отырмыз", – деді премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев сәрсенбі күні президенттің қатысуымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында.   

Министрдің сөзін бөлген президент: "Ет туралы айтайық. Асыл тұқымды бұқаларды сатып алғанда қанша ет экспорттамақ болдық, 60 мың тонна?",– деді.

"60 мың тонна деген әңгіме болды", – деп жауап берді Шөкеев.

Мемлекет басшысы бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтен аталған көрсеткіштер неге орындалмағанын сұрады. Бұрынғы министр жоба бойынша жұмыс жүріп жатқанын, ет өндірісі өсіп жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу