Қазақстан 2020 жылдан бастап жаңа құрылыс нормаларына көшеді

1102

 Қазақстан 2020 жылдан бастап жаңа құрылыс нормаларына көшеді

Отандық құрылыс саласын реформалау "100 нақты қадам" ұлт жоспары аясында жүргізілуде. Құрылыс жобаларына сараптама жүргізу мерзімі 285 күннен 20 күнге дейін қысқаруда, құжаттарды ресімдеу рәсімі оңайлатылуда - бір терезе қағидаты енгізілуде, деп хабарлайды strategy2050.kz. 

Сондай-ақ, BIM-технологияларды енгізу жоспарланып отыр.

ҚР инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов атап өткендей, қазіргі уақытта құрылыс жобаларының сараптамасын жеке компанияларға беру процесі жүріп жатыр - бүгінгі таңда 60%-дан астамы берілген және жыл сайын 10%-дан беріліп жатыр.

"Нәтижесінде, 2019 жылдың соңына дейін "Мемлекеттік сараптама" РМК-да ЖЭО, атом электр станциялары, мұнай зауыттары сияқты бірегей әрі техникалық күрделі объектілер ғана қалады деп жоспарлануда", - деді ол.

Форумда құрылыс жобаларын сараптау саласындағы бірқатар өзекті мәселелер, бизнес әріптестікті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Құрылыс жобаларын сараптау саласындағы қазіргі мүмкіндіктермен таныстыру өткенін айта кету керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу