Қазақстан 2023 жылы 90,5 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр – Энергетика министрлігі

Экспорт - 71 млн тоннаны құрамақ. 

Қазақстан 2023 жылы 90,5 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр – Энергетика министрлігі Фото: primeminister.kz

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз конференциясында айтты, 

"2023 жылға арналған мұнай өндіру жоспары 90,5 млн тонна, экспортқа - 71 млн тонна", – деді Ақшолақов брифингте.

Бұған дейін ол Қазақстан 2023 жылы 90 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.

Еске сала кетейік, министр 2022 жылдың соңына дейін Қазақстанда 84-85 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланып отырғанын, бұл Қашаған кен орнындағы жоспардан тыс жұмыстарға байланысты екенін айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу