Қазақстан 2024 жылға Байқоңырдан ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын мақұлдады

609

Қазақстан тарапы мақұлдаған құжаттар Сыртқы істер министрлігі арқылы Ресейге жіберіледі. 

Қазақстан 2024 жылға Байқоңырдан ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын мақұлдады Фото: pixabay.com

Қазақстанның Үкіметі Ресей Сыртқа істер министрлігі тарапы ұсынған Байқоңыр ғарыш айлағынан 2024 жылға арналған ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын бекітті. Бұл туралы ресми жарияланған қаулыда айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сол қаулымен Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне қорытындыны 2023 жылдың 30 желтоқсанына дейін дипломатиялық арналар арқылы ресейлік тарапқа жіберуді тапсырды.

"Ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласы бірге зымыран тасығыштарды ұшыруға арналған тоғыз типті 15 ұшыру кешенінен, құрлықаралық баллистикалық зымырандарды сынауға арналған төрт ұшыру қондырғысынан, 11 монтаждау-сынау корпусынан (МСК) және өзге де инфрақұрылымнан тұратын Байқоңыр кешенін құрайды. Ресей Қазақстаннан Байқоңыр ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алып отыр", - делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Айта кету керек, Байқоңырда Ресей әкімшілігі жұмыс істейді. Ал Байқоңыр қаласында министрліктер мен ведомстволардың өкілдіктері, сондай-ақ, Президенттің арнайы өкілі қызмет атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу