Қазақстан 2024 жылы Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығына төрағалық етеді

493

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ОАӨЭЫ төрағалығы Грузиядан Қазақстанға өтеді.  

Қазақстан 2024 жылы Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығына төрағалық етеді Фото: ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Ұлттық экономика вице-министрі – ОАӨЭЫ (Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық) бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші Абзал Әбдікәрімов Тбилиси қаласында өткен 22-ші Министрлік конференциясына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысушы елдер негізгі құжаттарды мақұлдады. Атап айтқанда, "Климаттың өзгеруі жөніндегі ОАӨЭЫ-ның пайымы" мен "Климат және орнықты даму жөніндегі ОАӨЭЫ жобалары дайындық Қорының тұжырымдамасы" қабылданды.

-Қазақстан климаттың өзгеруіне төзімді экономикалық дамудың жолында, - деп атап өтті А.Әбдікәрімов.

Жиынға қатысушылар 5 операциялық кластер бойынша ОАӨЭЫ бағдарламасын іске асыру барысын қарастырды. Сондай-ақ ОАӨЭЫ аймағындағы сауда ағындары мен транзиттік және көлік бағыттарын әртараптандыру мәселелерін талқылады.

-Геосаяси жағдайға байланысты Шығыс-Батыс бағыты бойынша Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз етудегі Транскаспий халықаралық көлік бағдарының рөлі артқанын атап өткен жөн. Орта дәліз шеңберінде Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді тасымалдау бойынша өсім мен контейнерлік тасымалдардың артқаны байқалады, - деді вице-министр.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ОАӨЭЫ төрағалығы Грузиядан Қазақстанға өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу