Қазақстан 2024 жылы ТМД елдерінде Волонтерлік қозғалыс жылы деп жариялануын құптады

550

Әлихан Смайылов Мәскеу қаласында (РФ) өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. 

Қазақстан 2024 жылы ТМД елдерінде Волонтерлік қозғалыс жылы деп жариялануын құптады Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы өз сөзінде Қазақстан интеграциялық байланыстарды тереңдету және оны жаңа практикалық мазмұнмен толықтыру үшін ТМД алаңында одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті.

Мәселен, келер жылы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарының бірі мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім және спорт салаларындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту болмақ.

Премьер-Министр Қазақстан 2024 жылдың ТМД елдерінде Волонтерлік қозғалыс жылы деп жариялануын құптайтынын атап өтті.

"Бүгінде Достастық елдерінің еріктілері өздерінің тынымсыз еңбектерінің арқасында толерантты қоғамның дамуына, қайырымдылық пен мейірімділік мәдениетін қолдауға елеулі үлес қосуды жалғастырып келеді. Достастық елдері еріктілерінің жыл сайынғы форумын өткізу және оған ТМД-ның тұрақты алаңы мәртебесін беру туралы қазақстандық бастаманы іске асыру бойынша нақты жұмыстарды бастауға шақырамын", — деді Үкімет басшысы.

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы айта келе, Әлихан Смайылов дене шынықтыру және спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Биыл мүмкіндігі шектеулі балалар арасында ТМД елдерінің спартакиадалары және ТМД чемпионаттарын өткізу үшін ұйымдастыру-құқықтық негізін құру аталған бағыттағы үлкен жетістік болып отыр.

"Қазақстан бұл жұмысты қолдайды және алдағы жарыстарға белсенді қатысуды жоспарлап отыр", — деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу