Спикердің сөзінше, осы салада өткен жылдың қорытындысында 270,9 млрд теңге таза пайда тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан былтыр Қытайға 5 млрд текше метр газ экспорттап отыр. Жалпы, ел аумағындағы магистральдық газ құбырлары арқылы 88,9 млрд текше метр газ тасымалданғаны жайлы дерек бар.
– 2025 жылдың қорытындысында магистральдық газ тасымалының көлемі 88,9 млрд текше метрді құрады. Ішкі нарықта QazaqGaz компаниясы 20,5 млрд текше метр газ өткізді. Қытайға экспортталған газ көлемі – 5 млрд текше метр, – деді Әлібек Жамауов.
Үкімет отырысында ол компанияның былтырғы қаржылық нәтижелерін де айтып өтті.
– Өткен жылдың қорытындысында таза пайда 270,9 млрд теңгені құрады. Ішкі нарықты субсидиялауға жыл сайын 226,3 млрд теңге бағытталады. Сондай-ақ, ел бюджетіне шамамен 325,8 млрд теңге көлемінде салық төленді, – деді QazaqGaz басшысы.