QazaqGaz бен PetroChina арасындағы келісім бойынша 2025 жылы Қазақстан Қытайға газ жеткізуді арттырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"QazaqGaz" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы У Цзюнли үш жылдық табиғи газды сатып алу-сату келісім қосымшасына қол қойды. Бұл қадам 2025 жылы Қытайға газ экспортының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осылайша энергетика саласында Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін растайды", – делінген QazaqGaz хабарламасында.
Қосымша келісімге Астанада өткен Қазақстан-Қытай бизнес форумы аясында қол қойылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу