Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Тағы бір бағыт – отандық спутниктік жүйелерді дамыту жəне экспортқа шығу. Байланысты 2 KazSat спутнигі қамтамасыз етеді. Кіріс көлемі – 72 миллиард теңге. 2029 жылға дейін қолданыстағы аппараттарды алмастыру үшін KazSat-3R спутнигін жасау көзделген. Жерді қашықтан зондтау жүйесінде 3 спутник жұмыс істейді. Космомониторингтің бес жылдағы экономикалық тиімділігі 977 миллиард теңгені құрады", – деді Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Министрдің айтуынша, түсірілімнің дəлдігін арттыру жəне қамту аумағын кеңейту үшін 6 жаңа спутник жасау көзделген. Олардың үшеуі – жоғары, үшеуі – орташа рұқсаттамадағы аппараттар.
"Моңғолия, Конго жəне Нигериямен 3 экспорттық жоба іске асырылып жатыр. Экспорт көлемі 70 миллион долларды құрайды. 2030 жылға қарай 14 спутниктен тұратын халықаралық топтама құру жоспарланған", – деп түсіндірді Жаслан Мәдиев.