Қазақстан 2030 жылға дейін 11 мың шақырым теміржолға жөндеу жүргізеді

415

Бұл туралы Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан 2030 жылға дейін 11 мың шақырым теміржолға жөндеу жүргізеді Фото: canva.com

Сыртқы нарықтармен байланыстыратын орнықты көлік жүйесінің болуы ұзақмерзімді интеграцияны жолға қоюдың негізгі шарты болып қала береді.

– Бүгінде Еуразияның көлік құрылымы Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы тиімді сауда байланысын қамтамасыз етіп отыр. Алайда алдағы онжылдықтарда Еуразия аймағындағы инфрақұрылымның тозғаны анық сезіле бастайды әрі оны жаңарту қажеттілігі арта түседі. Сондықтан көлік және логистика инфрақұрылымдарын жаңғырту және кеңейту – маңызды мәселе. "Рельс төселген жерде жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады" деп бекер айтылмаған. Сол себепті Қазақстан 2030 жылға дейін 11 мың шақырым теміржолға жөндеу жүргізіп, жаңадан 5 мың шақырымнан астам теміржол салуды жоспарлап отыр. "Бір белдеу, бір жол" жаһандық бастамасы аясында Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның терминалы бой көтерді. "Қытай – Еуропа" бағытында контейнер арқылы тасымалданатын жүктің 40 пайызына дейін сол жерде жинақталады. Сонымен қатар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан шекараларында және Каспий теңізінде 5 трансшекаралық көлік-логистика хабын іске қосу жоспарланып отыр, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу