Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізеді

571

Олардың қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн елдері бар.

Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізеді Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Қазақстанға шақыру туралы талаптың күшін жою және азаматтары электронды виза рәсімдей алатын елдердің тізбесін кеңейту қарастырылады.

Бұдан бөлек, БАӘ азаматтары үшін визаны жеңілдетілген түрде беру мәселесі талқыланып жатыр.

"Шетелдік саяхатшылардың Қазақстанға қызығушылығы жоғары. Сол себепті біз еліміздің туристік әлеуетін толық ашу үшін  жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде келуші туристер ағынын ұлғайту мақсатындағы іс-шаралар бар. Сонымен қатар, біз көші-қонды бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін тетіктерді іске асырып отырмыз. Соның бірі eQonaq ақпараттық жүйесі", - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу