Қазақстан 365 млн долларға Қытай телефондарын сатып алған

809

Бұл барлық импорттың  жартысынан көбі.  

Қазақстан 365 млн долларға Қытай телефондарын сатып алған

2019 жылдың қаңтар-қазанында сатып алынған телефондар 722,4 млн доллар болған, деп хабарлайды LS.  

Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,2%-ға төмен. 

Бұл ретте импорттың жартысынан көбі Қытайға тиесілі. Қытайдан 365,8 млн долларға телефон сатып алынған. Алайда бұл көрсеткіш 28,3%-ға азайған. 

Ал Вьетнам жеткізуді 8%-ға өсіріп, 192,2 млн долларға дейін жеткізген.

Сонымен қатар Үндістаннан (46,6 млн доллар), Ресейден (41,7 млн доллар), Германиядан (11,7 млн доллар) және Малайзиядан (10,2 млн доллар) қомақты сомаға телефон сатып алынған.   

Ал АҚШ-тан сатып алынған техникаларға небәрі 8,2 млн доллар шығындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу