Смартфон арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметке басымдық беріледі

1135

Мемлекеттік қызметтің 90% -ы интернет арқылы қолжетімді болады.

Смартфон арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметке басымдық беріледі

Үкімет басшысының мәлімдеуінше, қазір ел азаматтарының 80%-на мемлекеттік қызмет интернет арқылы көрсетіліп жатыр. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтің 90%-ы интернет арқылы қолжетімді болады. 

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасына сәйкес, 2020 жылы Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексінде 28-орынға шығуы керек. Қазір 39-орындамыз", – деді Асқар Мамин. 

Премьер-министрдің сөзінше,  халыққа сапалы әрі қолайлы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жыл жылжыған сайын жақсарып келеді. Алайда бұл барлығы жақсы деген сөз емес. 
"Назар аударалық бірқатар мәселе бар. Біріншіден, әлемдегі мемлекеттік қызмет көрсетуде цифрлы технологиялардың рөлі артып келеді. Қазіргі таңда мобильді интернет кеңінен қолданылады. Мемлекеттік қызметті смартфон арқылы алуға сұраныс артып келеді. Бүгінгі таңда электронды үкімет қосымшасы арқылы 31 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл барлық қызметтің шамамен 4%-ы. Тұрғындар үшін мобильдік құрылғылар арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейтуді тапсырамын", – Асқар Мамин. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу