Қазақстан 40 мың тонна жоғарғы октанды отынды экспорттады

107

Ішкі нарықтың тұрақтануына байланысты соңғы 5 жылда алғаш рет экологиялық К4 класты жоғары сапалы АИ-92 маркалы автобензиннің 40 мың тоннасына дейін экспортталды.  

Қазақстан 40 мың тонна жоғарғы октанды отынды экспорттады Фото: kmg.kz

Бұл автобензин Қазақстандағы МӨЗ-дерде өндірілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Энергетика министрлігі бүгінгі таңда еліміздің мұнай өңдеу саласы үш ірі көлемді және технологиялық мұнай өңдеу зауыттарымен ұсынылғанын хабарлайды:

  • Атырау МӨЗ – жылына 5,5 млн тонна өңдеу қуаты;
  • Павлодар МХЗ – жылына 5,5 млн тонна;
  • Шымкент МӨЗ – жылына 6 млн тонна.
  • Ақтау қаласында жылына 1,5 млн тоннаға дейін Қаражанбас мұнайын өңдейтін "СП "CaspiBitum" ЖШС жұмыс істейді.

Осылайша, Қазақстанның жалпы мұнай өңдеу қуаты жылына 18,5 млн тоннаны құрап, ішкі нарықтың жанар-жағармайға деген сұранысын толығымен қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Энергетика министрлігі еліміздің экономикасын одан әрі дамыту үшін қолданыстағы өңдеу қуаттарын ұлғайту және жылына 10 млн тоннаға дейін мұнай өңдейтін жаңа ірі мұнай өңдеу зауытын салу қажеттігін атап өтеді. Бұл 2040 жылға дейінгі мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасында қарастырылған.

Ұзақ мерзімді мақсаттар:

  1. Мұнай өңдеу көлемін 18,5 млн тоннадан 28,2 млн тоннаға дейін арттыру;
  2. Шымкент МӨЗ – жылына 6-дан 12 млн тоннаға дейін кеңейту;
  3. Павлодар МХЗ – жылына 5,5-дан 8 млн тоннаға дейін екі кезеңмен ұлғайту;
  4. Атырау МӨЗ – жылына 0,7–1,2 млн тоннаға дейін мұнайды екінші реттік өңдеу қуатын немесе шикізат бойынша 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін ұлғайту.
  5. Шымкент және Павлодар МӨЗ жобалары қазіргі заманғы отын-мұнайхимия конфигурациясы мен өнім түрлерін кеңейту тұрғысынан қаралуда: К5+ деңгейіндегі мотор отындары және базалық мұнайхимия өнімдері.

Айта кетейік, Атырау МӨЗ отандық ҚМГ зауыттарынан алғаш болып 2023 жылдың шілдесінде К5 экологиялық класты АИ-92 маркалы автобензин шығара бастады. Бұл экологиялық отынның басты артықшылығы күкірт қосылыстарының құрамын К4 класымен салыстырғанда 5 есе азайту болып табылады. Сондай-ақ, К5 класты бензинде хош иісті көмірсутектердің (бензол) және қоспалардың мөлшері шектеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу