Елімізбен 41 ел автомобильмен тасымал жасауда бланк алмасты

1120

Елімізбен 41 ел автомобильмен тасымал жасауда бланк алмасты

2017 жылы ҚР ИДМ көлік комитеті 42 елмен халықаралық автоомбильмен тасымал жасау үшін 150 мың рұқсат бланкісімен алмасты. Олардың 122 мыңы – жан-жақты рұқсаттамалар, қалған 28 мыңы – үшінші елдерге/елдерден жүк тасымалдау рұқсаттамалары, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстандық тасымалдаушыларға 109 мың шетелдік рұқсат бланкісі берілген (2016 жылы 97 мың), олардың 93%-ы пайдаланылды.

Биыл ақпан айының 19-на дейін комитет 41 мемлекетпен 126 мың бланкі алмасты. Оның 103 мыңы жан-жақты және 23 мыңы үшінші елдерге/ден жүктерді тасымалдау рұқсаттамасы. Олар аумақтық көлікті бақылау инспекцияларына таратылған.  Бланкілерді алу үшін тасымалдаушы egov.kz электрондық үкіметі арқылы тапсырыс беруі қажет.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Қазақстан мен басқа елдер арасындағы жүк тасымалдау көлемі 8,8 млн тоннаны құрады. Автокөлікпен жүк тасымалдау транзитінің жалпы көлемі 2,1 млн тоннаға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу