Қазақстан 42 елмен автокөлік жүк тасымалын жүзеге асырады

193

ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында автокөлікпен жүк тасымалдау саласындағы ахуал туралы баяндады.

Қазақстан 42 елмен автокөлік жүк тасымалын жүзеге асырады Фото: Pixabay.com

Ол автокөлік саласында жүк тасымалдау көлемі 288 млн тоннаны құрап, алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға артқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Автоматтандырылған өлшеу стансалары заңбұзушылықтарды анықтау көрсеткіші мен бюджетке түсетін кіріс деңгейін 10 есеге арттырды.

Бас прокуратурамен жүргізілген интеграция нәтижесінде осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша айыппұл төлеу қажеттігі туралы 10 мыңнан астам ұйғарым ресімделді.

"Жүктерді автокөлікпен тасымалдау 42 елмен жүзеге асырылады. Былтыр Қытай және Өзбекстанмен шетелдік рұқсат бланкілері қағаз түрінен электрондық форматқа ауыстырылды", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу