Қазақстан 5 елде сауда өкілдіктерін құруға ниетті

450

Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында осы мәселеге тоқталды.

Қазақстан 5 елде сауда өкілдіктерін құруға ниетті Фото: primeminister.kz

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Түркия, Үндістан және Иранда сауда өкілдіктерін құруға ниетті. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігіне бұл мәселені пысықтауды тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

"Сауда өкілдері арқылы экспортты белсенді дамытудың халықаралық тәжірибесі өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Қазақстанның Азия мен Еуропа нарықтарына экспортты ұлғайтуда үлкен мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Түркия, Үндістан және Иранда сауда кеңесшілерін тағайындау мәселесі қарастырылып жатыр. Аталмыш 5 елге қосымша экспорттық әлеует 4 млрд долларды құрайды. Экспортты қолдауды одан әрі күшейту мақсатында аталған елдерде сауда өкілдіктерін құру мәселесін пысықтауды тапсырамын", - деді Премьер-Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу