Қазақстан 5 млрд долларға қызметтер экспорттады

775

Ал импорт 8,1 млрд долларды құрады. 

Қазақстан 5 млрд долларға қызметтер экспорттады

2020 жылы Қазақстан шетелге жалпы сомасы 5 млрд доллардың қызметтерін көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл 2019 жылмен салыстырғанда үштен бірге аз. Қызметтер импорты осы кезеңде 29,4%-ға, яғни ақшалай мәнде 8,1 млрд долларға дейін төмендеді. Осылайша 2020 жылы қызметтердің импорты экспорттан 3,1 млрд долларға жоғары болды. 2019 жылы импорт пен экспорттың айырмашылығы 3,7 млрд долларды құрады.

Қызмет көрсету саласы бойынша халықаралық саудада еліміз салаулы бағыттарда оң нәтижеге қол жеткізген.  Олардың ішінде көлік саласында 1,2 млрд доллар (экспорт - 3,4 млрд доллар, импорт - 2,1 млрд доллар). Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласында: 96,9 млн доллар (экспорт - 140,8 млн доллар, импорт - 43,9 млн доллар), ҒЗТКЖ: 3 млн доллар (экспорт - 21,3 млн доллар, импорт - 18,3 млн доллар).

Техникалық, саудаға байланысты және басқа да қызметтер саласында көрсеткіштер төмен. Мәселен, менеджмент саласындағы кәсіби және консультациялық қызметтер секторында: 807,6 млн доллар (экспорт - 124 млн доллар, импорт - 931,6 млн доллар).

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу