Қазақстан +7 кодынан неге бас тартпайтыны белгілі болды

2653

Осыған дейін Қазақстан мен Ресей телефон кодтарын бірлесіп қолданатынын жазған болатынбыз. 

Қазақстан +7 кодынан неге бас тартпайтыны белгілі болды Фото: Үкімет

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев +7 кодына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр бұл мәселеде санкцияларға қатысты алаңдаудың негізі жоқ деп отыр.

"Бүгінгі таңда +7 кодын Ресеймен бірлесіп пайдаланатынымыз шындық. Мұнда Қазақстанға ғана тиесілі қосымша нумерация бар. Оларға +77, +76 жатады. Қосымша +70 бойынша келісімге келу жоспары бар. Оны тек Қазақстан ғана пайдаланатын болады. Тұтынушы, түрлі әлеуметтік платформалардың, банктік қосымшалардың қолданушысы ретінде телефонға немесе қосымшаға жаңа нөмірлерді жазу қолайсыздық туғызар еді деп ойлаймын. Меніңше, ел азаматтары түсіністік танытады", - деді ведомство басшысы Сенат кулуарында.

Оның айтуынша, тиісті кодты қалдыру туралы шешімде сарапшылардың бағалауы ескерілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу