Қазақстан +7 кодынан неге бас тартты

765

Бұл сұраққа мәжілісте өткен үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстан +7 кодынан неге бас тартты

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин +7 кодының аймағына Ресей ғана емес, Қазақстан да кіретінін алға тартып, телефон кодына қатысты мемлекетаралық құжатқа қол қоюға не кедергі болғанын сұрады. 

Өз кезегінде министр +7 кодының аймағына кіретін елдер арасындағы келісімшарттың 11-бабында тараптардың кез келгені оның қолданысын тоқтату ниеті туралы хабарламаны алдын ала жіберіп, келісімшартты біржақты тәртіппен 6 ай бұрын бұза алатынны айтты. 

"+7-ден басқа кодқа ауысу жарты жылда жүзеге асырылмайтын мәселе. Сол себепті алдымен Дүниежүзілік одақтан, Халықаралық байланыс одағынан (БҰҰ) жеке кодымызды (+997) алдық, енді Ресей тарапымен келісімшартты өзгерте аламыз. Мемлекеттің резервінде кодтың болуы қажет дүние. Бұл Ресей тарапынан емес, БҰҰ-дан берілген код. +7-нің киелілік емес, құқықтық жағын қарап жатырмыз. Келіссөздерді жүргізу үшін осындай мәселені қозғадық. Ал ратификациядан өткізу үшін алдымен Ресей тарапымен келісіп алуымыз керек. Келіссөздер алдағы уақытта жүргізіледі", – деді Бағдат Мусин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу