Қазақстан 700 тонна қызанақты неге шекарадан кері қайтарды

904

АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті түсінік берді.

Қазақстан 700 тонна қызанақты неге шекарадан кері қайтарды

Жыл басынан бері 50 шақты қызанақ партиясы елге кіргізілмей, шекарадан кері қайтарылыпты. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің түсіндіруінше, көкөністерден вирус табылған.

"Жыл басынан бері Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан және Түркиядан тасымалданған жалпы салмағы 700 тоннадан асатын 50 шақты қызанақ партиясынан анықтаған. Көкөністерден қызанақтың қоңыр әжім вирусы (ToBRFV) анықталғандықтан Қазақстан аумағына кіргізуге  тыйым салынды",– дейді комитеттен.

Айта кетсек, есепті кезеңде комитет экспорттаушы елдерге өнімнің фитосанитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес келмейтіні туралы 297 нотификация жіберіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу