Қазақстан 71-орында тұр

1080

Қазақстан Дүниежүзілік банктің LPI (Logistics Performance Index) рейтинде 2025 жылға қарай алдыңғы 40 елдің қатарында болуды көздейді.

Қазақстан 71-орында тұр Фото: primeminister.kz

Қазақстан 2019 жылы Дүниежүзілік банктің "Doing Business" бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде 140 елдің арасында 28-орын алды. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысында айтты.

"Біз өзіміздің алдымызға 2025 жылы алғашқы жиырма елдің қатарына кіруге мақсат қойып отырмыз. Бүгінгі күні бұл Финляндия, Австралия және Латвия секілді елдердің деңгейі",– деді ұлттық экономика министрі.

Қазақстанның өңірлері бөлінісінде, бизнесті жүргізу жағдайлары бойынша Алматы, Ақтау және Ақтөбе қалалары көш бастап тұр. 

Руслан Дәленовтың айтуынша, сауда және көлік инфрақұрылымының даму деңгейі Дүниежүзілік банктің LPI (Logistics Performance Index) рейтингімен өлшенеді. Индекс елдердің сауда логистикасын дамытудағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктерін айқындауға жәрдемдеседі. 

"Қазақстан бұл рейтингте 2018 жылдың қорытындысы бойынша 71-орынды иеленді. Еліміз 2025 жылға қарай топ-40 елдің қатарына кіруі қажет. Олар – Израиль, Исландия, Малайзия секілді елдер", – деді Дәленов.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін Дүниежүзілік экономикалық форум есептейді. Бұл рейтингте Қазақстан 2018 жылдың қорытындысы бойынша 59-орынға ие болды. 2025 жылға қарай еліміз алғашқы 40 елдің қатарына кіруге тиіс. Бұл Италия, Эстония, Чили сияқты елдердің деңгейі.

"Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде кедендік ресімдеудің тиімділігін өлшейтін құрамдауышты ерекше атап өту керек. Бұл фактор бойынша Қазақстан 64-орында. 2025 жылға қарай алғашқы 40 елдің қатарына кіруіміз қажет. Бұл Израиль, Чехия, Чили сияқты елдердің деңгейі", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу