Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мақсатында Қазақстан 80 млн доллар қарыз алуды жоспарлап отыр. Мұны Халықаралық қайта құру және даму банкі 5 жылдық жеңілдік кезеңімен 15 жылға дейін бермек.
Қазақстан 2 пайыздық мөлшерлемемен үстінен 12 млн доллар қосып қайтаруы тиіс. Бұл жайлы бүгін парламент сенатында денсаулық сақтау министрлігініӊ жауапты хатшысы Болат Төкежанов айтты.
Оның айтуынша, бөлінген қаражат үш негізгі бағытқа жұмсалмақ. Айта кетейік, бастапқыда қарыз 177,6 млн доллар болған. Екі мәрте сараптамадан өткізген ұлттық экономика министрілігі алатын қаражаттың мөлшерін қысқартқан. Сондай-ақ елімізде келер жылдан бастап, барлық дәрі-дәрімек бағасын заңды тұрғыда реттеу көзделіп отыр. "Дәрі-дәрмек құралдарының бағасын реттеу туралы" заң жобасының тұжырымдамасы бүгінде дайын. Министрлік биыл тамыз айында парламентке енгізбек.
Болат Төкежанов Денсаулық сақтау министрлігініӊ жауапты хатшысы:
Бүгін таңертең министрлік Қазақстандық ұлттық дәрі-дәрмек формулярын қалыптастырды. Оның ішінде 3 мыңнан астам тіркелген дәрі-дәрімектің саны бар. Бұған тек саны емес, сапасы жағынан да қараймыз. Әр аптекада баға бірдей болады. Сондай-ақ рекламаларды да осы заң аясында тоқтатуға тыйым саламыз.
Автор: Еркін Шәкірұлы