Қазақстан 80 мың киікті ататын болды

1478

Мәжіліс кулуарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов ату-атпау мәселесі туралы журналистерге пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

 Қазақстан 80 мың киікті ататын болды

"Бионегіздеме аяқталды. Ғалымдар киіктердің санын реттеу мәселесін айтып жатыр. Бұл – Орал популяциясы. Қазір ондағы киіктер саны 800 мың бас болса, онда олардың 10 пайызы реттеледі. Яғни, 80 мың бас киік", – деді Брекешев.


"Яғни 80 мың киікті ата ма?" деген сұраққа министр "иә" деді.

Берекшевтің айтуына қарағанда, киіктер санын реттеу ауыл шаруашылығындағы малмен бәсеке болмауы үшін жасалады. Батыс аймақта мал жайылымынан бөлек егінге де түсіп кетіп жатыр. 

"Алдымен ғылыми зерттеу жүргізу үшін 500 бас киік алынады. Жұмыс 1 қазаннан басталады", – деді Брекешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу