Қазақстанның BAYTAQ жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Заманауи АЭС қауіпсіз, әрі қолайлы болатынын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, АЭС тақырыбын қоғамдық талқылау бүгін аяқталды. Бұл тақырыпты пікірталасқа салғандар екіге бөлінді. Қазіргі қолданыстағы көмір энергиясының экологияға әсері жайлы Қазақстанның BAYTAQ жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев үндеу жасады.
"Біздің мақсатымыз - елімізде таза ауа мен таза суды қамтамасыз ету, экологиялық таза өндірісті қалыптастыру. Әлемде таза, жасыл энергия көзі атом энергиясы болып саналады. Дамыған елдер бұған әлдеқашан көз жеткізген. Себебі климатты тұрақты ұстап қалу, қоршаған ортаны қорғау мәселесін тек атом электр станциясы ғана қамтамасыз ете алады", - деді А. Әміртай.