Бұл туралы Энергетика министрлігі Интерфакс-Қазақстан агенттігіне мәлімдеген. Ведомство, мүдделі ұйымдармен бірлесіп, Қазақстанның табиғи-климаттық факторлары мен атом электр станцияларының қоршаған ортаға келтіруі мүмкін қаупін тексеруді көздеп отыр. Атап айтқанда, атом электр станцияларын салу мен пайдаланудың әлемдік тәжірибесін және халықаралық реакторлық технологияларының қауіпсіздігіне талдау жүргізу жоспарлануда. Министрлік, қазіргі уақытта Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданбағанын баса айтты. Сөздерінше, бұл мәселе қоғамдық пікірді ескерусіз шешілмейді.