Қазақстан АЭС салғысы келетін елдермен келіссөзді аяқтады

419

Жобаны жүзеге асыру үшін консорциумды таңдау туралы соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. 

Қазақстан АЭС салғысы келетін елдермен келіссөзді аяқтады Фото: shoes-web.ru

Қазақстан атом электр станциясына қатысушы вендорлерді ұлттық мүддені ескере отырып таңдайды. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан атом электр станцияларын салу технологияларын әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтады.

"Росатом" мемлекеттік корпорациясы  KHNP (Корея), CNNC ( Қытай) және EDF (Франция)  компанияларымен қатар Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енді", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

2025 жылғы 21 қаңтарда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды. Бұл сапар тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздер сериясының соңғы кезеңі болды.

Бұған дейін, 2024 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін Корея Республикасына, Франция Республикасына және Қытай Халық Республикасына осындай сапарлар болған.

"Жобаны жүзеге асыру үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау туралы соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Ол 2025 жылы Қазақстан ұлттық мүдделерін, халықаралық нормалар мен міндеттемелерді ескере отырып қабылданады", – деп хабарлады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу